Дауды медиация тәртібіде реттеу арқылы ерлі-зайыптылар отбасын сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Д. мен жауапкер К-ның араларындағы некесін бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер М. өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған үш балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып көрсеткен.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды. Сонымен қатар, сот ұйғарымымен талап арыз бойынша мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі