Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Р.-дың жауапкер Ф.-қа қылмыспен келтірілген моральдық және материалдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Адвокаттардың атсалысуының және білікті кәсіби заң көмегін көрсетуі нәтижесінде азаматтық іс бойынша сот мәжілісінде тараптар  дауды өзара тиімді келісімге қол жеткізген.

Адвокаттар арасындағы партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім  тараптардың мүддесін қорғау мақсатында жасақталғандықтан, басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмейтінін ескеріп, сот партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Келісім бойынша талапкер Р. талап соммасын азайтып, жауапкер Ф. белгіленген мерзімде тиесілі ақшаны төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, ҚР АПК-нің 278-бабы 3-бөлігіне сай талап арыз беру кезінде төленген мемлекеттік баж салығы  талапкерге қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі