Дау медиациялық рәсімімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық №2 сотында талапкер А.-ның жаупкер Б-дан қарыз ақшасын және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) кәсіби медиатордың көмегімен реттеп, ол туралы келісім жасап, оны бекіту туралы өтініш жасады.

Келісім бойынша жауапкер Б. талап қоюшы А-ға 800 000 теңге қарыз ақшасын 1 мамыр 2017 жылдан бастап 1 желтоқсан 2017 жылға дейін ай сайын 100 000 теңгенде қайтарып беруге міндеттенді, ал талап қоюшы өз талабынан бас тартты.

 Сондай-ақ, жауапкер ерікті түрде келісім шартын орындамаған жағдайда талапкер атқару парағын беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы. 

Осыған байланысты, сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-бөлігіне сай азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі