Дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер А-ның  жауапкер Б-дан  келтірілген материалдық шығынды және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Талапкер А. сотқа берген талап арызында Б.-ның қылмыстық іс-әрекеттерінен келтірілген материалдық шығын 352 205 теңге және моральдық залал 1 000 000 теңгені  өндіруді сұраған.  Талапкер талапты негіздеуге төмендегі уәждерді көрсеткен, жауапкер Ақтау қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылған,  көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылып, 106 050 теңге айыппұл жазасы тағайындалған, осы қылмыстың салдарынан талапкер А.-ға орташа дәрежедегі дене жарақатын келтірілген.

Сот отырысы барысында  тараптар медиативтік келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа арызданды.

Тараптардың келісіміне сәйкес талапкер талап соммасын 1 352 205 теңгеден 500 000 теңгеге дейін азайтады, ал жауапкер осы сомманы 10 ай ішінде, яғни 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін төлеуге міндеттеледі.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 276-бабының 6-бөлігіне сәйкес тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.

Сондықтан, тараптардың медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі