Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы ЖК В.  жауапкер «S» ЖШС-нен  2 807 200 теңге қарыз ақыны және 1 950 512 теңге айыппұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Тараптар арасында 2016 жылы 18 қазанда көлікті жалға беру келісім шарты жасалған, алайда келісім шарт бойынша жауапкер өз міндеттерін тиісінше орындамағанын көрсетіп, талап қоюшы жауапкерден 2 807 200 теңге қарыз ақыны және 1 950 512 теңге айыппұлды өндіру туралы талабымен сотқа жүгінгеннен кейін сот орысында тараптар бір келісімге келді.

Сотта тараптар татуласып, судьяның қатысуымен дауды медиация арқылы шешу келісіміне келіп, медиация келісімі сотпен бекітілді.

Дау медиация жолымен реттелді,  іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі