Бітімгершілік келісіммен аяқталған дау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы №2 сотымен талапкер К. есімді азамат жауапкер «К» ЖШС-не берген бұйрықты заңсыз деп танып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытқа еңбекақы және моральдық зиян өндіру туралы азаматтық іс қаралды. 2011 жылдан бері талапкер К. жауапкер «К» ЖШС-де жүргізушісі болып жұмыс жасаған, жауапкер «К» ЖШС-гі 25.09.2013 жылғы №145 санды бұйрығымен еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан заңсыз босатылғанын, аталған бұйрықты заңсыз деп танып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген күндеріне еңбекақы және моральдық залал өндіруді соттан сұраған. Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, жауапкер талапкерге үш ай ішінде еңбек ақысын төлеуге міндеттенді, ал талапкер жұмысқа қайта орналасу талабынан бас тартты.Соттағы дау тараптардың бітімгершілік келісімге келуімен аяқталды.

Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі