Бейнеу аудандық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында «Қылмыстық, әкімшілік жаза тағайындалған үкім, қаулыларды орындауға жіберу және орындау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, кеңсе қызметкерлері және аудан прокурорының аға көмекшісі,  мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, аудандық ішкі істер бөлімшесінің инспекторлары қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе,  судья А.Усербаева сот актілерінің орындалуы сот төрелігінің ең маңызды бөлігі болып табылатынын айтты.

Сондай-ақ ол заңды күшіне енген сот актілерінің барлығы бірдей орындалуы міндетті екендігін және республика аумағында қатаң орындалуы тиіс екендігін атап өтті. 

«Сот актілерінің уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан, аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек», - деді А.Усербаева.

Іс-шара соңында сот актілерін орындау барысында туындайтын  негізгі мәселелер туралы  қатысушылар пікірлерін білдіріп, сот актілерін орындау бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізіді.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі