БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 30.01.2014 жыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Маңғыстау облыстық сотында облыс соттарының 2013 жылы сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға облыстық сот төрағасы Досжан Әміров, облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Марат Сабырбаев және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Гафур Шаров, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші Айжан Молбаева қатысты.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың хабарлауынша, Маңғыстау облыстық сотында 2013 жылдың 12 айында Маңғыстау облысының соттарымен жалпы 38 072 істер мен материалдар қаралған, былтырғы жылы бұл көрсеткіш – 34 965 іс болған. Оның ішінде Қылмыстық істер былтырғы жылмен салыстырғанда 246 іске артқан, нақтырақ айтқанда 2012 жылы 1079 іс болса, 2013 жылы 1325 іс қаралған.
2013 жылы Азаматтық істер 14 598-істен 14 743-ке өскен.
Әкімшілік істер 2012 жылмен салыстырғанда 448 іске артқан. 2012 жылы барлығы 14 480 іс қаралса, 2013 жылы 14 928 іс қаралған.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміров облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапалылығын жоғары деңгейге көтеру үшін әлі де атқарар шаруалардың көп екендігін айта келе, облыстық сот ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында сот залдарындағы бейне жазбалар саны мен сапасын арттырғанын және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жолға қойғанын айтты. Облыстық, аудандық соттардағы 39 сот залының барлығы (100,0 %) дыбыс – бейне құрылғысымен қамтылған. Былтыр 11 сот залы жасақталған болатын. 2012 жылы дыбыс-бейне жазбаларын пайдалану облыстық және аудандық соттарда жалпы 15,7 пайыз болса, 2013 жылы 47,8 пайызға жетіп, республика бойынша алдыңғы орындарға шықты.
Сонымен қатар, сот төрағасы Маңғыстау облыстық соттарында сот процестерінің мемлекеттік тілде жүргізілуіне аса зор мән беріліп отырғанын ерекше атап өтті. Мемлекеттік тілде қаралған істердің көрсеткіші 2013 жылы 2012 жылғы 71 пайыздан 77,6-пайызға өскен. «Бұған облыстың халықтық ерекшелігі де оң әсер етіп отыр. Маңғыстау облысында статистика бойынша, 82,2 пайыз қазақ ұлты тұрса, өзге ұлт өкілдері 11,8 пайыз. Сондықтан, сот процестерінің мемлекеттік тілде өтіп, құжат айналымының мемлекеттік тілде қаралуы заңды құбылыс» – деді Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Д.Әміров.

Маңғыстау облыстық сотының баспаөз қызметі