Банктік дау бойынша сотпен бітімгершілік келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен «Халық Банк» АҚ-ның жеке кәсіпкер Л.Н.Тураеваға, Ө.М.Мухаммедовке кепілге қойылған мүлікті жария саудадан сату арқылы қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жауапкерлер Банктің несие келісім шарты бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағандықтан, қарыз ақшасы 13.05.2016 жылғы жағдай бойынша 16 740 548,49 теңгені құрағанын, сондықтан кепілде тұрған пәтерді жария сауда саттыққа шығарып, одан түскен ақшадан қарызды өндіруді сұраған.

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған бітімгершілік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған. Бітімгершілік келісімге сәйкес  жауапкер жеке кәсіпкер Л.Н.Тураева Банк алдындағы қарыздың 10 063 439,79 теңгесін төлеуге, ал жауапкер Ө.М.Мухаммедов 6 677 108,70 теңге көлеміндегі қарызды кестеге сәйкес төлеуге міндетенді.

Сондықтан, сот  іске қатысушы тараптардың арасында жасалған бітімгершілік келісімі бекітіп, Банк пен клиент арасындағы Банкке бережақты өтеу туралы дауына нүкте қойылды. Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс сот өндірісінен қысқартылды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі