Балаңыз сабақтан қалса, айыппұл төлейсіз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жаңаөзен қаласының Т.Әлиев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы кәмелетке толмаған Б.-ның 2013-1014 оқу жылында 96 сағат сабаққа дәлелді себептерсіз бармағаны анықталды.

Яғни, оның заңды өкілі Д. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаған. ҚР «Неке және отбасы» Заңына сәйкес, кәмелетке толмаған балдарды ата-анасы немесе  заңды өкілдері тәрбиелеу және оқытуға міндетті.  

 Азаматша Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 111-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 9.260 (тоғыз мың екі жүз алпыс) теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты