Баламен кездесу тәртібі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы М. сотқа жауапкер  Д-мен баламен кездесу тәртібін анықтау туралы талаппен жүгініп, жауапкермен 2014-2016 жж. некеде тұрғанын, ортақ некеден 2014 жылы туған бір баласы бар екенін көрсеткен. Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган жасақтаған келісімге сәйкес апта сайын екі рет таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат 16-ге дейін баламен кездесу тәртібі анықталған. Алайда, уәкілетті органның осындай келісіміне қарамастан, жауапкер өзіне баламен кездесуге кедергі келтіріп жүргенін көрсетіп, апта сайын екі рет таңертеңгі сағат 10-ден кешкі сағат 16-ге дейін өзінің үйінде баламен кездесу тәртібін  анықтап беруді сұраған.

Сот отырысында баланың анасы талап қоюшыға баламен кездесу орны ретінде талап қоюшының үйін белгілеуге қарсы екенін айтып көрсетті.

Сот неке және отбасы саласындағы қолданыстағы заң нормаларын басшылыққа алып және баланың жасын ескеріп, талап қоюшының талабын толық көлемінде қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының Баспасөз қызметі