Азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы  Ақтау қаласы № 2 сотымен талапкер «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жауапкер Буркитбаев Сакен Анесовичке, үшінші тұлға  «Жолстройсервис LTD» ЖШС-нің конкурстық басқарушысы У.С.Узақбаевқа келтірген кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы  азаматтық ісі қаралды.

 24 қыркүйек 2009 жылғы  ауданаралық мамандаңдырылған экономикалық сотының шешімімен «Жолстройсервис LTD» ЖШС-нен  «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының пайдасына 48 873 856 теңге қарыз ақша  және  1 466 216  теңге баж алымы өндірілген. 

Аталған сот шешімі 22 ақпан 2010 жылы заңды күшіне еңген. Жауапкер  С.А.Буркитбаев  «Жолстройсервис LTD» ЖШС-нің директоры бола тұра  «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына кепілге   Ақтау қаласында орналасқан жеке меншік пәтерін кепілге қойған.

Жоғарыда көрсетілген соттың шешімі  ұзақ уақыт бойы орындалмауына байланысты талапкер аталған  кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы  талап арызбен сотқа жүгінген.

 Сот отырысы барысында  тараптар  бітімгершілік келісімге  келіп, ол келісім бойынша  жауапкер  С.А.Буркитбаев «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына  талапкер екеуінің араларында жасақталған  кесте бойынша 2020 жылға дейін қарызды өндіруге міндеттелген және ос бітімгершілік келімін тараптар соттан бекітуді сұраған. Аталған бітімгершілік келісім сотпен бекітілген, сөйтіп жауапкер отбасымен тұрып жатқан  пәтерін  сақтап қалған.

Тараптарға ҚР АПК 277, 278, 170 бабтары түсінідірілген, яғни іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арысындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі ескертілген.

Бітімгершілік  келісім бекітіліп, азаматтық  іс сот өндірісінен қасқартылған.

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі