Азаматтық іс бітімгершілік келісім бекіту арқылы қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен Ш.Битимовтың  «Жалғызтөбемұнай» ЕЖШС-не еңбек келісім шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оны бұзуды, амалсыз бос жүрген күніне жалақы өндіру, заң көмегіне жұмсалған шығынды өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

 Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған бітімгершілік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған.

Бітімгершілік келісімнің  негіздері бойынша жауапкер өзің шығарған бұйрығын бұзып талапкерді қайта жұмысқа орналастыруға,  заң көмегіне жұмсалған 200 000 теңге шығынды өтеуге міндеттенді, ал талапкер  амалсыз бос жүрген күніне жалақы өндіру туралы талабынан бас тартты. Тараптардың араларында жасақталған бітімгершілік келісімнің негіздері  ешкімнің  мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін анықтап, сот бітімгершілік келісімді бекітті. Ол туралы  сот ұйғарым шығарды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді. Сонымен, жұмысшылармен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауына нүкте қойылды

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі