Аудандық сотта дыбыс-бейнежазба жүйесін қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында «Сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба жүйесін қолдану тәртібі» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Аталған іс-шараға  кеңсе меңгеруші Г.Тлейбергенова және  сот мәжілісі хатшылары қатысты.

Семинар  барысында сөз алған Г.Тлейбергенова сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио және бейнежазба құралдарын пайдаланудың мақсаты мен тәртібіне тоқталып өтті.  Сондай-ақ, ол «Төрелек» жүйесін дұрыс пайдалану, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру, судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау, сақтау тәртіптері туралы түсіндірді. Аудио-бейнежазу жұмыстарын жүргізу жауаптылығы, оның ішінде сот отырыстары бойынша үзіліс жариялау, кейінге қалдыру, сот отырысын жалғастыру мәселелері үшін сот отырысы хатшылары жауаптылықта болатындығын ескертті. Осы жұмыстарды атқаруда орын алған кемшіліктер сараланып, мінсіз қызмет атқарып жүрген мамандардың еңбектері үлгі ретінде көрсетілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жоғарыда айтылған тапсырмаларды басшылыққа алатындықтарын жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі