Аудандық сот төрағасы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотының төрағасы Н.Тұржанов Баутино, Аташ ауылдарын аралады.

Сапар барысында сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын, сот-құқық саласына қатысты мәселелерін тыңдады.

Н.Тұржанов  ауыл тұрғындарына сот жүйесіндегі реформалар, судьялық қызмет пен оның жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы  әңгімелеп берді.  

Сондай-ақ, ауданның бас биі сот жүйесінің азаматтар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік берген «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтары туралы айтып, үйден шықпай-ақ сотқа талап арызбен жүгіне алатындықтарын тілге тиек етті.  Сонымен қатар, Н.Тұржанов даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны түсіндіріп,  ҚР Жоғарғы Сотымен әзірлеген жобаның артықшылығы мен басымдылығын атап өтіп, медиация рәсімдері бойынша өткізуге қажетті даулар санатына назар аударды. Аталған  пилоттық жоба балаларға қатысты алименттік міндеттемелер туралы дауларды сотқа дейінгі тәртібімен реттеуді, некені бұзу, мүлікті және мұрагерлікті бөлу, тұрғын жайдан заңсыз шығару туралы азаматтық істер бойынша еңбек дауларында қолданылатындығына тоқталды.

Шара соңында ауыл тұрғындары көкейде жүрген көп сұраққа жауап алып, сот төрғасына алғыс білдірді.

Қайнар: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі