«Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласы №2 сотында сот төрағасы К.Ж.Рыскалиеваның төрағалық етуімен «Ашық есік» күні өтті. «Ашық есікте» «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық» тақырыбына судья К.Сагындықова баяндама жасады. Шараға  Ш.Есенов атындағы «Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша  3 курс  студенттері мен «Қайнар» колледжінің 3 курс студенттері қатысты.

Ағымдағы жылы Ақтау қаласының № 2 сотымен 5 жеке тұлға, 1 заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 513-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту және айыппұл түріндегі жазаларға тартылды.

Шара барысында сот төрағасы  шараға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі