«Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара аясында қабылдауға келген азаматтарды соттың төрағасы Азат Ізбасаров қабылдады.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

 Келушілерге заң талаптарына  сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берілді. 

Осындай «Ашық есік күндері»  сотта ай сайын өткізіледі және қала мен облыстың кез келген азаматы осы күні сотқа келіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Баспасөз қызметі