Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында М-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 13.07.2011 жылы өндіріп алушы А.-ның пайдасына М-дан балаларын асырап бағу үшін барлық айлық табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде балалары кәмелет жасына толғанға дейін алимент өндіру туралы сот бұйрығы шыққан. Алайда, борышкер М. 2016 жылдың тамыз айынан бастап сот бұйрығын орындамауына байланысты  бүгінгі күнге оның берешегі 310 824 теңгені құраған.

Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен М. кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі