Алимент өндіру туралы сот шешімін орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ақтау қаласының тұрғыны азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Р. 2014 жылғы Ақтау қаласының №2 сотының шешімімен азаматша Е. пайдасына кәмелеттік жасқа толмаған бір балаға төленетін алиментті өндіру туралы атқару өндірісі бойынша сот шешімін орындамаған. Аталған өндіріс бойынша 300 мың теңгеден астам қарыз жиналған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы азамат Р. кінәсін толығымен мойындап, оның тұрақты жұмыс орны  болмауына және оның материалдық жағдайына байланысты сот шешімін  орындамағандығын түсіндірген.

Сот қаулысымен азамат Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі  әкімшілік айыппұл салынған.

Сот қалысы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі