Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен Б.Ж.Нуркабаева  И.И.Нуркабаев  кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін алимент  өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттан талапкер жауапкер кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін алимент төлемей отырғанын, ерікті түрде материалдық көмек көрсетпейтіндігін негізге алған, сондықтан жауапкерден сот арқылы алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған бітімгершілік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған. Бітімгершілік келісімге сәйкес  жауапкер И.И.Нуркабаев кәмелет жасына толмаған екі баланы  асырап бағу үшін өзінің айлығының және басқада табысының 1/3 мөлшерінде ай сайын талапкер Б.Ж.Нуркабаева   пайдасына алимент төлеп тұруға міндеттенді.

Сондықтан іске қатысушы тараптардың арасында жасалған бітімгершілік келісімі бекітіліп, ерлі-зайыптылардың арасындағы кәмелкетке толмаған балаларын асырап бағу үшін төленетін алимент дауына нүкте қойылды. Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс сот өндірісінен қасқартылды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі