Ақтау қалалық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотының оқу орталығында республика судьяларының VII cъезінде қабылданған «Судьялардың Әдеп кодексі» атты тақырыпта семинар  өткізілді.

Семинарға Ақтау қалалық сотының төрағасы М.Кенжалиев және сот  судьялары қатысты.

Іс-шара барысында 2016 жылдың 21 қарашада Астана қаласында өткен  республика судьяларының VII съезінің делегаттары  М.Кенжалиев және судья С.Умирбулатова баяндама оқыды.  

Семинарда жаңа  «Судьялардың Әдебі» туралы Кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер, судьялардың  мінез-құлқы және этикалық қағидалары,  қоғамның судьяға деген көз қарастарының ұлғаюы мәселелері талқыланды.

Аталған кодекс Ұлт Көшбасшысы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырудың 19-қадамына сай қабылданған болатын.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі