Ақтау қалалық сотында «100 нақты қадам-Ұлт Жоспары» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам-Ұлт Жоспары» тақырыбында семинар өтті.

Шараны ашқан Ақтау қалалық сотының судьясы Сәуле Умирбулатова талқыланып отырған тақырыптың сот саласында өзекті екендігін атап өтті.

«Халық сотқа сенім білдірсе, ол елдің дамығанының көрсеткіші болмақ. «100 нақты қадам-Ұлт Жоспарындағы» сот саласына қатысты нақты тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға ат салысу біздің ортақ міндетіміз», - деді С.Умирбулатова.

Сондай-ақ, аталған шарада Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани баяндама жасап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басты мақсаттары жөнінде түсіндіріп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру мәселелеріне  тоқталып өтті.

Семинарға қатысушылар халықаралық тәжірибеге сәйкес, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшудің артықшылықтарын және сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар туралы талқылады. Нәтижесінде, халық әуре-сарсаңнан арылып, уақытын, қаражатын үнемдеуге қол жеткізді. 

Шара соңында С.Умирбулатова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде сот процесі бейнесінің толықтығын және сапалылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қалалық сотының барлық сот отырыс залдарында дыбыс-бейне жазбасы құрылғыларымен жабдықталғанын жеткізді.

Сондай-ақ,  сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылып, аталған жүйе арқылы талап-арыз берушілердің қатары өскенін, мәселен, облыс соттарына осы жылдың 6 айында барлығы  10256 талап арызы түскен болса,  оның  7292-і «Сот кабинеті» арқылы тіркелгенін», - айтты.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі