«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Аталған шараға   судьялар, сот қызметкерлері,  Ақтау қаласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Семинарды М.Ковраева ашып, заң үстемдігін және соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты Ұлт жоспарының тармақтарына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, «осы қадамдардың қатарында екінші бағыт ретінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында салаға 19 мақсатты қадам енгізілген болса, оның 16-26 қадамдары республикамыздағы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған» Ұлт жоспарының іске асу қағидаларын айтып өтті.

Өз кезегінде  Г.Әділсұлтани «100 нақты қадамның 17 қадамы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту туралы» жаңа заң талаптарымен таныстырды.

Шара соңында үкіметтік емес ұйым өкілері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі