1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен  (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына  оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады)   Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                                                         

Сотта анықталғандай,  Е. өзінің   көлік құралын Ақтау қаласы, 30 шағын ауданында орналасқан «Інжу» тұрғын үй кешеніне қарсы тас жолда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, үздіксіз ақ жолақты қиып, кедергіні айналып өтіп, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып жүргізген.

Сот қаулысымен  Е.  жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі