Сот медиациясының пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

«Сот медиациясы» пилоттық жобасы

Дауды шешудің балаламалы әдісі - медиацины қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2014 жылдың сәуір айындағы өкімімен судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімді (сот медиациясы) азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жаңа енгізілім Азамататтық-іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында қарастырылған.

Сот медиациясы – бұл сот прцесіне қатысушы тараптардың дауын (жанжалын) судьяның бітімгершілік рәсім жүргізуі арқылы реттеуі.

Маңғыстау облысында облысында «Сот медиациясы» пилоттық жобасын Ақтау қаласының №2 соты және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы жүзеге асыратын болды.

Ол үшін Ақтау қаласының №2 сотында және Маңғыстау облыстық сотында бітімгершілік рәсімдерін өткізуге арналған арнайы кабинеттер ашылды.

 

 

 

 

Семинар өзегі - соттағы келісу рәсімдері

Маңғыстау облыстық сотының судьялары «Соттағы келісу рәсімдері» тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Семинарға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, азаматтық істерді қараушы облыстық соттың судьялары, Ақтау қаласының №2 сотының, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағалары мен судьялары қатысты.

Шараны Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Әміров Досжан ашып берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2014 жылдың сәуір айындағы өкімімен судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімді (сот медиациясы) азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жаңа енгізілім азамататтық-іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында қарастырылған.

Маңғыстау облысында «Сот медиациясы» пилоттық жобасын Ақтау қаласының №2 соты және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы жүзеге асыратын болды. Ол үшін аталмыш соттарда бітімгершілік рәсімдерін өткізуге арналған арнайы кабинеттер ашылды.

Семинарда «Медиацияның халықаралық тәжірибесі, Германиядағы медиация» тақырыбына Маңғыстау облыстық сотының судьясы Гүлжахан Мұрзағұловна, «Медиацияның рәсімдерін өткізу тәртібі» тақырыбына баяндама оқыды.

Семинар соңында пікірлер айтылып, ұсыныстар қабылданды.