"Мемлекеттік қызметі туралы" заңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Облыстық сот және адвокаттар алқасы арасындағы

өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ

 

 

13 маусым  2017 жылы                                                                         Ақтау  қаласы

 

 

Маңғыстау облыстық соты атынан облыстық соттың Төрағасы Аланов Жақсылық Рзабекұлы және Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы атынан төралқа Төрағасы Якушев Басир Рыскалиевич, әрі қарай «Тараптар» деп атанып, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын, «Адвокаттық қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл туралы» заңдарын, Судья этикасы Кодексін, Адвокаттардың кәсіби этикасы Кодексін басшылыққа ала отырып, өз құзырлары шегінде, өзара ынтымақтастық туралы осы Меморандумға (әрі қарай- Меморандум) қол қойды:

 

1- бап

 

Меморандумның мақсаты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау; дауларды (жанжалдарды) сот алды және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара қимылдарды нығайту; сот ісін жүргізуінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастық болып табылады.

 

  1. - бап

 

Тараптар, азаматтық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету, жоғары кәсіби деңгейдегі заң көмегін көрсету, қолжетімді, әділ сот төрелігін өзара құрметтеу жағдайда жүзеге асыру қажеттігін мойындай отырып, төмендегі негізгі бағыттарда ынтымақтасып отырады:

1) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс –қимыл ету және алдын алуды:

- судьялар мен адвокаттардың процессуалды емес байланысу фактілерін болдырмау;

- бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернетте және әлеуметтік желілерде жағымсыз және шындыққа жатпайтын соттар қызметі, судьялар және адвокаттар туралы ақпараттарды таратудың жолын кесу; заңды күшіне енбеген сот актілеріне негізсіз сын және түсіндірмелер айтудан бас тарту;

- соттар және адвокатура арасындағы ақпараттармен алмасудың электрондық желісін енгізу мүмкіндігін қарастыру;

         2) судьялар және адвокаттардың жоғары кәсіби қауымдастығын құруды:

- бірлескен оқыту семинарларын, дөңгелек үстелдерін және өзге де өзекті мәселелерді анықтау және талқылау, қолданыстағы заңнама нормаларын дұрыс қолдану бойынша бірыңғай ұстанымды өңдеу мақсатта іс-шараларды өткізу жолымен;

  - өз кәсіби міндеттерін орындау кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтамағаны үшін адвокаттардың жауапкершілігін жоғарылату жолымен;

- адвокаттардың  мамандандыруын тереңдетуді қалыптастыру жолымен;    

3) дауларды (жанжалдарды) сот алды және соттан тыс реттеу институттарын дамыту және белсенді енгізу мәселелерінде өзара іс-қимылдар жасау жолымен:

 - бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернет желісі арқылы дауларды (жанжалдарды) сот алды және соттан тыс реттеудің мүмкіндіктері мен басымдылықтарын, оның ішінде медиациялық процедураларды қолданумен бірлесе құқықты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, кәсіптік және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен медиацияның рөлін өзекті қылу;

- партисипативті процедура тәртібінде даулардың реттелу басымдылығын насихаттауда және дауларды шешу кезде оның қолдану саласын кеңейту бойынша әсерлі іс-шараларды қабылдаудағы адвокаттардың рөлдерін күшейту; 

    - медиациялық келісім сандары, дауларды шешу практикасы және татуласу процедурасы институтын дамыту саласында өзара мүдделілік танытатын өзге де ақпараттар туралы деректермен шұғыл алмасу;

4) сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды, оның ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді кеңінен қолдану арқылы:

- сотқа талап арыздар, арыз-шағымдар, талаптарды электронды форматта www.sud.kz Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот кабинеті» сервисы арқылы интернет-ресурсында беру туралы;  

- «Сот кабинеті» сервистың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану туралы; 

- сот қызметтері туралы барлық қажетті анықтамалық ақпаратты жергілікті соттар интернет-ресурстардан (мысалы, соттың юрисдикциясы, аумақтық соттылығы, сот құжаттарына апостиль қою, істер қаралу кестелері, мемлекеттік баж, әкімшілік айыппұлдар және сот үкімі бойынша айыппұлдар төлеу үшін реквизиттар, сондай-ақ сотқа бару жол сызбасы, арыздар үлгілері, соттардың байланыс телефондары және т.с.с.) алу мүмкіндіктері туралы.

 

3 - бап

Тараптар бір бірімен осы Меморандумның орындалу мәселелері бойынша туындаған мәселелерді қарау және бірлесе әрекеттерін жүргізу үшін Тараптармен делегат болып жіберілген өкілетті өкілдері арқылы өзара байланыса алады.

Меморандумның ережелерін қолдану бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда Тараптар оларды келісім сөз жүргізу жолымен шеше алады.

 

4 - бап

 

Меморандумға Тараптардың өзара Келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, өзгерістер мен толықтырулар осы Меморандумның ажырамайтын бөлігі болып табылатын дербес құжаттармен ресімделеді.

 

5 - бап

 

Меморандум Тараптармен оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Меморандум  Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 13 маусым 2017 жылы екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, қол қойылған.

 

 

 

Облыстық соттың                                           Облыстық адвокаттар

төрағасы                                                           алқасының  төралқа төрағасы

_________________                                                ______________________

Ж.Р. Аланов                                                           Б.Р. Якушев