Марат АЛДАБЕРГЕНОВ, Мұнайлы аудандық сотының судьясы "Ұлт жоспары- Ұлт болашағы " "//http://www.mangmedia.kz" Сәрсенбі, 12 Тамыз 2015 05:57

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

Әлемдегі сын-қатерлерді талдап, алысты болжап, келешекте атқарылар істерді бүгінгі орын алып отырған жағдайлармен шебер ұштастыра білетін Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «Нұрлы Жол» Экономикалық Саясаты мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарын шешу үшін ұсынған 5 институттық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамын айқындап берді. «100 нақты қадам»-бұл жахандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың құрамдас бөлігі, мемлекетіміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі нақты бағдарламасы, ел тәуелсіздігін нығайтудың нақты жолдары.

Біз 100 нақты қадамның әрбір қадамын Елбасымыздың елімізді алға дамытудағы нақты тапсырмалары деп қабылдауымыз қажет. Бес бағыттағы реформаны жүзеге асыру үшін Президент жанынан бес жұмыс тобынан тұратын Ұлттық комиссия құрылды. Комиссия құрамында мемлекеттік орган, бизнес саласы мен азаматтық қоғамның қызметін кәсіби деңгейде үйлестіруде қабілеті жоғары тәжірибелі басшылар кірді. Ұлттық комиссия еліміздің алға дамуының жолдарын жан-жақты, терең зерттеп шешімдер қабылдап, бес бағыт бойынша іс-қимылдарды нақты айқындайды.Ол ұсыныстар Президент тарапынан мақұлданғаннан кейін Парламентке енгізіліп, Парламент өз кезегінде заңдар қабылданып, ал Үкімет тарапынан заңдарды орындауға қатысты тиісті қаулылар қабылданатын болады.

Аталған 100 қадамның заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы қажетті ұсынымдары:

1-қадам. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырып, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу.

2-қадам. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық еңбек өтілі болып, олардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер жасын 30 жасқа көтеріп, үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтіп, содан соң судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі қажет.

3-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін Сот төрелігі институтын Мемлекеттік Басқару Академиясының құрылымынан  Жоғарғы Соттың құрамына өткізіп, республика судьяларының қызмет бабындағы біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.

4-қадам. Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту мақсатында, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасап, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек.

5-қадам. Барлық сот процестеріне бейне және дыбыс таспаға жазу арқылы, судьяларға бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауды болдырмау.

6-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейтіп, заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау.

7-қадам. Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге қол жеткізу.

8-қадам. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізу үшін Алматы және Астана қалаларында инсвестициялық соттарды құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру.

9-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығын құру.

10-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот жанынан кеңес беруге беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру.

11-қадам. Сот рәсімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту үшін  Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу.

Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Ұлттық комиссия бес институттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Ұлттық комиссия тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде Парламент тарапынан Заңдар, Үкімет тарапынан Қаулылар қабылданатын болады. Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ұлттық комиссия тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Ұлттық комиссия жанынан беделді шетелдік сарапшылар қатарынан халықаралық консультативтік кеңес жасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау нәтижелерінің тәуелсіз жүйелі мониторингін жүзеге асыратын болады.

Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесін айқындау қажет.