««Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді» // "Mng.sud.kz" 2015 жылғы 25 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын орындау және сот төрелігінің ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс шараға Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Ақтау қаласының кәсіби және кәсіби емес медиаторлары қатысты.

 Шара барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьялары Канзила Сағындықова, Бағдат Байгожаев баяндама жасап,  қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер туралы, соның ішінде Медиация туралы заңның қолданылуына және осы Медиация туралы заңының дауды шешу барысындағы тиімді тұстарына нақты тоқталып өтті. Сонымен қатар Елбасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында қарастырылған ұсыныстарды қолдады.

 Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шараға қатысушылар арасында Медиация институтын кеңінен қолдану жайы және оны ары қарай жетілдіру барысы қызу талқыланды.