«Барлық сот процесстерін бейнетаспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді» // "Mng.sud.kz" 2015 жылғы 18 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» орындау және сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Барлық сот процесстерін бейне таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шара барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Кеншимова Дүние-Зада баяндама жасады. Ол қазіргі таңда дыбыс-бейне жазба құралдарының сот мәжілісінде үздіксіз қолдануы өте тиімді екені, себебі сот талқылауында анықталған жағдайлар толық көлемде дыбыс-бейнеға жазылатындығы және өз кезегінде сот шешімінің заңды, әділ болып қабылдануына бірден бір себеп болатығына  назар аударды. Сонымен қатар, дыбыс-бейне жазба құралы сот мәжілісі хатшысының да жұмысын жеңілдетіп, хатшы қысқа сот  мәжілісінің хатамасын дайындап, ал дыбыс-бейне жазбаға жазылған дисксі сот өндірісінде қаралған азаматтық іспен бірге сақталады деп атап көрсетті.  

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шараға қатысушылар арасында дыбыс-бейне жазба құралын кеңінен қолдану және оны ары қарай жетілдіру барысы қызу талқыланып,  ұсыныстар айтылды.