«Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді» // "Mng.sud.kz" 2015 жылғы 1 қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» орындау және сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  «Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ақтау қаласының №2 сотының және Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шара барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьялары А. Инсебаева  және Б. Бегенов  баяндама жасап, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу істерді қарау барысында сот төрелігін атқаруда оның сапасын арттыруға мол септігін тигізетіндігіне тоқталды.

Сонымен қатар, Елбасының Ұлт жоспары аясындағы сот төрелігінің халыққа қолжетімділігі қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмасы орындалады деп атап көрсетті. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шараға қатысушылар арасында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу барысы қызу талқыланып,  тиімді тұстары туралы пікірлер айтылды.