Алтынгүл ҚАРАБЕКОВА, Ақтау қалалық No2 сотының судьясы "ДУБАЙ ТӘЖІРИБЕСІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАРДЫ КӨПТЕП ТАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ " "//Заң газеті" 2015 жылғы 20 ТАМЫЗ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Еліміздің сот жүйесінде үлкен ре­формалар қолға алынуда. Мысалы, Мем­лекет басшысы бес институционалдық реформасында барынша тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында Қазақстанға шетелдік судья­ларды тарта отырып, инвестициялық дауларды шешудің шетелдік озық стан­дарттарын енгізу міндетін қойды. Бұл реформаларды жүзеге асыруға «100 нақты қадам» жоспары негіз болады десек, 24қадамда Дубай тәжі­рибесі үлгісінде «Астана» Халықара­лық арбитраж орталығын (AIFC) құру көзделген. Деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде бірнеше беделді арбитраждық орталық жұмыс істейді екен. Бұл тұрғыда Вашингтондағы инвестициялық дау­ларды шешу бойынша халықаралық орталықты (ICSID), сондайақ, Лон­дон, Париж, Вена,Сингапур, Дубай­дағы арбитраж орталықтарын айтуға болады. Мамандар, сонымен қатар, Халықаралық арбитраждық қарау­лардың қатысушылары саналатын кәсіпкерлік субъектілеріхалықаралық арбитражды орталық (AIFC) құру идея­сына бірауыздан қолдау білдіруде. Олай деуімізге бұқаралық ақпарат құралда­рындағы пікірлер дәлел. Дүниежүзіндегі барлық ірі халық­аралық даулардың үштен бірі ТМД елдері кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетінін ресми мәліметтер жоққа шығар­майды. Мұны ескерсек, еліміз үшін арбитраждық орталықтың қажеттілігі айқын. Оның үстіне Ресейдің Арби­траждық қауымдастығы соңғы 10 жыл­да ТМД елдері өкілдерінің қатысуы­мен қарастырылатын даулардың саны үш есеге артқанын мәлімдеді. Сол себептімамандар тарапынан Кеден­дік одақ шеңберінде Аралық соттың құрылуы қажеттігі жайлы да баста­малар айтылуда. Сондай пікірлерге ден қойсақ, мұндай қадам өз кезегінде осы елдердің кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жолында маңызды болмақ. Арбитраждық сот дауларды қарастырудың сапасын халықаралық деңгейге көтереді. Сонымен қатар, экономиканың инвестициялық жағымдылығын, құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. AIFC халықаралық төрелік орта­лығы AIFC қатысушылардың және өзге инвесторлардың балама, соттан тыс дауларын шешу үшін құрылады. Дубайлық тәжірибе елімізге ағылшын­дық төрелік ету тәртібін қолдануға, сондайақ, AIFC халықаралық төрелік орталығының жұмысына шетелдік төрешілерді көптеп тартуға мүмкіндік бермек. Президенттің елімізде жүзеге асы­рып отырған реформаларының дер кезінде жасалғанын инвесторлардың халықаралық арбитражға қолжетім­ділігін жеңілдетудегі шешімі, яғни, Астанада халықаралық арбитраждық орталық құруы дәлелдеп отыр. Ал, бұл тұрғыда Дубай тәжірибесіне сүйе­ну, коммерциялық дауларды шешуде мемлекетіміздің Еуразиялық эконо­микалық кеңістіктегі көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтуға септігін тигізері талассыз. Төрелік орталығы халықаралық тә­жірибелерге сай құрылады. Әсіресе, шетелдердегі қоғамдық пікір, қызу пікірталас тудырған істер шешімі не­гізге алынбақ. Сарапшылар сот өкіл­дері арасындағы бәсекелестік күшей­се, сонда ғана жұмыс жаңа деңгейге көтерілетінін алға тартады. Төрелік орталық процедуралардың түсініктілігі, объективтілігі және жеңілдігі қағи­даттарын басшылыққа ала отырып, дауды тиімді қарауды мақсат тұтады. Сондайақ, ол ең алдымен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуды, олардың талабы барынша қысқа мер­зімде қаралуын ғана емес, бастысы, тәжірибелі мамандардың объективті тұрғыдан әділ қарауын талап етеді.