Қаралған істердің талдауы

Маңғыстау облыстық сотының 2017 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы

Өткен жылы облыс соттарында барлығы 41302 (2016 ж. – 36945) істер мен материалдар қаралған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4357 іске көп.

Барлық аяқталған істің 1895 тұлғаға қатысты 1615-і қылмыстық іс,  23314-і – азаматтық және 16804-і әкімшілік істер.

Маңғыстау облыстық соттарымен 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін іске асыру туралы ақпарат

Қылмыстық істер бойынша - 2016 жылдың 12 айында жергілікті соттарда 72 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 1737 қылмыстық іс түсіп, 1738 қылмыстық іс 2012 адам бойынша аяқталған. Оның ішінде 1245 қылмыстық іс 1472 адамға қатысты үкімдер шығарылған, 418 адам жөніндегі 377 іс өндірістен қысқартылған, 121 іс прокурорға кері жолданған, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 4 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған.

Маңғыстау облысы соттарына 2016 жылдың 6 айында қараған істері туралы ақпарат

2016 жылдың 6 айында облыс соттарына қылмыстық істер 885 тұлғаға қатысты   774 іс түскен.  Былтыр бұл көрсеткіш  706 тұлғаға қатысты 579 істі құраған. Яғни, биылғы жылдың көрсеткіші бойынша 195 қылмыстық іске артқан. Оның ішінде үкім шығарумен  684 тұлғаға қатысты 593 іс қаралған.

44 тұлғаға қатысты 39 қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралып, медиация тәртібін қолдану жолымен 58 іс қысқартылды.

Маңғыстау облысы соттарының 2015 жылдың 12 айында қараған істері туралы

2015 жылдың 12 айында азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жай-күйі туралы ақпарат.

2015 жылдың 12 айында облыс соттарына 18 868 арыз және 330 іс түсті. Өткен жылдың осы мерзімінде 21 827 арыз бен 261 іс болып, абсолюттік санында 2 959 арызға кеміген.

2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы соттарының қылмыстық істер жөніндегі ақпараты

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысы соттарының өндірісіне 2015 жылдың 12 айында 1547 тұлғаға қатысты 1332 қылмыстық іс түскен, 2014 жылдан 71 қылмыстық іс қалдық ретінде өткен.

Есепті кезеңде облыс соттарымен 1563 тұлғаға қатысты 1311 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 1098 тұлға сотталған, 10 тұлға ақталған.

2014 жылы 1- жартыжылдықта Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы қылмыстық, азаматтық істер бойынша анықтама

2014 жылы 1- жартыжылдықта Маңғыстау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының сот төрелігін жүзеге асырудағы қылмыстық, азаматтық істер бойынша анықтама.

1. Жалпы ереже:

2014 жылы 1-жартыжылдығында аудандық және оған теңестірілген соттарға 595 қылмыстық іс  түскен (2013 ж.-691 іс), яғни  13,9 пайызға кеміген.

2013 жылдың 12 айында қаралған сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесіне ТАЛДАУ

Маңғыстау облыстық сотының 2013 жылдың 2-ші жарты жылдығына  іс-шаралар жұмыс жоспарына сай, аудандық және оған теңестірілген соттармен 2013 жылдың 12 айында қаралған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің қаралуы туралы және жаза тағайындалуы бойынша талдау жүргізілді. 

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Маңғыстау облысы бойынша соттарда қолданылуына байланысты сот тәжірибесі жөнінде Ш О Л У

Маңғыстау облыстық сотының  2013 жылдың екінші жартыжылдығына   іс-шаралар жұмыс жоспары бойынша «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын Маңғыстау облысы бойынша соттарда қолданылуымен қаралған істерге талдау жүргізілді.